Жаңалықтар

ЖАҢА ЖОЛДАУДЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

ЖАҢА ЖОЛДАУДЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері!» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – бүгінгі қоғамның басты тақырыбы. «Жолдау жүктеген міндеттерге – әрбір қазақстандық жауапкершілікпен қарау керек!» Бұл – Жезқазған қаласының құрметті азаматы Ізтілеу Түсіповтың пікірі..

Жаңа Жолдаудың жаңалығы көп! Негізгі басымдық: инфрақұрылымдардың игілігі мен қарқынды құрылысқа берілген. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы бастамалар жалғасын таппақ. Бүгінде Қазақстан экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтерілген. Ұлттық қор активтері де артқан. Ендігі миссия – ел байлығын ұқыпты ұстау және оны одан әрі көбейтіп, қазіргі және келешек ұрпақтың жайлы өміріне жарату...

«( Ұлттық қор – еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды қаржылық тетік қана емес, болашақ ұрпақтың игілігіне бағытталған стратегиялық ресурс. Сондықтан оның қаражатын тиімді басқару – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де жауапкершілігі. Мемлекет Басшысының түпкі ойы табиғи ресурстардан түсетін табысты тек ағымдағы мәселелерді шешуге оңды-солды жұмсамай, халықтың тұрмыс-тіршілігін нығайтып, мейлінше жақсартып, бір сөзбен айтқанда елдің адами капиталын және өндірістік әлеуетті арттыруға бағыттауды көздейді.)»

— Ізтілеу Түсіпов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы

Жолдау жүктеген маңызды міндеттің бірі: келер жылдан бастап елде бұрын соңды болмаған ауқымды құрылысар жүргізілмек. Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Бұдан бөлек, 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады...

«( Президентіміз келер жылды «Құрылыс жылы» деп атауы өте маңызды, заман талабы. Ел экономикасын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру міндеттері құрылыс саласымен тікелей байланысты. Құрылыс – тек жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлер салу емес, ол – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды сала. Осы орайда, әсіресе, жаңадан ашылған біздің облысқа құрылыс саласы қарқынды дамығаны дұрыс.)»

— Ізтілеу Түсіпов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы

Жаңа Жолдау аясында - Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтиды. Мұның бәрі: Жаңа Қазақстандық қоғамды құрудың алғышарттары болмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты