Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – баршаға ортақ міндет! Аталған ретте Сәтбаев қаласындағы «Достық үйінде» жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған келелі кездесу ұйымдастырылды...

Өңірімізде сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу бағытында бірнеше жобалар қолға алынып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түрлі дәрістер оқылуда. Барлық іс шарадағы көздеген мақсат біреу: жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолына тосқауыл болу. Сәтбаевтағы жиын - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен қолға алынды...

«(Бүгінгі кездесудің тақырыбы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайту жолдары қарастырылады. Жемқорлықтың алдын алу жұмысының басты мақсаты – құқықбұзушылықтарға жол бермеу ғана емес, адалдықты қоғамдық құндылыққа айналдыру және кез келген заңсыз әрекетке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру. Егер бұрын негізгі назар құқықбұзушылықтарды анықтап, жазалауға аударылса, бүгінде басымдық қоғамдық сананы өзгертуге және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы көзқарас қалыптастыруға беріліп отыр)»

— Олжас Жолшыбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а

Сондай-ақ жиын барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер түйткілді тақырыптарды ортаға салуға және қоғам назарын жемқорлыққа қарсы күреске аударуға мүмкіндік береді. Аталған бағыттағы ілкімді шаралар әрі қарай да жалғасын таппақ...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты