Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жезқазған музыкалық колледжінде - құқық қорғау органдарының өкілдері студенттермен кездесу өткізді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған басқосуда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру сынды мәселелерге басымдық берілді.

Кездесу барысында мамандар қолданыстағы заңнаманың негізгі бағыттарына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Жеке тұлғаның заңды мүддесін қорғау жолдары, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын орындамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік те назардан тыс қалмады.

Басқосу ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін құқықтық жағдайларға қатысты мамандардан жауап алды.

Құқықтық сауаттылық - заң талаптарын білумен ғана шектелмейді. Ол әр адамның өз әрекетіне жауап бере білуінен, өзгенің құқығын құрметтеуінен көрінеді. Сондықтан жас ұрпақтың бойында осындай ұстанымды қалыптастыру - құқықтық мәдениетті қоғам құрудың маңызды алғышарты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты