Жаңалықтар

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Жезқазған қалалық сотында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Оқиға биыл қыркүйек айында заңды некедегі ерлі-зайыптылар арасында туындаған жанжал кезінде болған. Сотталушы әйеліне күш қолданып, денсаулығына зиян келтірген. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы жәбірленушінің дене жарақатын алғанын растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелер негізінде қылмыстық іс сотқа жолданды. Қала прокуратурасы тұрғындарды мұндай құқық бұзушылықтарға бейжай қарамай, зорлық-зомбылық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты