ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Жезқазғанда бірқатар отбасы баспаналы болды. Алашахан көшесі, 62/1 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтер кілтітері салтанатты жағдайда берілді.
Қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Мұрат Бөрібаев табыстады. Салтанатты шара барысында шаһар басшысы тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Жаңа пәтерлер көпбалалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді.
Қуаныш иесінің бірі Орынбасар Сыздықова. Ол үшін бұл - көптен күткен арманның орындалған сәті.
Айта кетейік, тұрғын үй құрылысы 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілді. Басты мақсат - тұрғындардың баспанаға деген сұранысын кезең-кезеңімен қамтамасыз ету.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


