ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ СЕНІМГЕ СЕРПІН

Жезқазған қалалық әкімдігінде Ардагерлер кеңесі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылады. Кеңірек келесібейнематериалда...
Президент биылғы Жолдауында қуатты мемлекет қалыптастыру үшін ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ заманауи инфрақұрылымды дамыту, экономиканы цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану міндетін қойды. Ардагерлер кеңесінің отырысында осы бастамалардың маңызына назар аударылып, олардың ел болашағына ықпалын талқылады.
Мемлекет басшысы алдағы жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама аясында өңірлердегі әлеуметтік нысандарды жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің қолжетімділігін арттыру көзделген. Аға буын өкілдері аталған міндеттердің халық игілігі үшін маңызды екенін атап өтті.
Жиын қорытындысында кеңес мүшелері мемлекеттік бастамаларды қолдап, жастар тәрбиесі мен қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарына атсалысуға дайын екендерін білдірді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


