Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА МІНДЕТТЕР – НАҚТЫ ЖОБАЛАР

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА МІНДЕТТЕР – НАҚТЫ ЖОБАЛАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа жасаған жаңа Жолдауында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу мен инфрақұрылымды жаңғыртуды басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті. Осы міндеттер аясында облыста тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда.

Соның бірі – Жезқазған қаласында бір ауысымда 250 адамды қабылдауға арналған жаңа емхана құрылысы. Нысанның жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асады. Жаңа медициналық мекеме ересектер мен балаларға заманауи амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған. Кешен негізгі емхана ғимараты мен жедел медициналық жәрдем станциясының жеке ғимаратынан тұрады.

Жобада медициналық мекемені заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Емханада компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, цифрлық рентгенография, маммография және флюорография кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар биохимиялық, гематологиялық, микроскопиялық және жалпы клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған заманауи зертхана жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында келер жылды «Халықтық құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Осы бастама аясында өңірлерде құрылыс айрықша қарқын алып, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтермек. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымды жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттырды назарға алмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты