ҚАРСАҚБАЙДАҒЫ ҚОНЫС ТОЙЫ

Наурызнама он күндігі аясындағы «Шаңырақ» күнінде - Ұлытау ауданына қарасты Қарсақбай кентінде қуанышты сәт орын алды. Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша кентке - Оңтүстік өңірден көшіп келген жас отбасыға жаңа үй берілді....
Қара шаңырақ Қарсақбайда – Шаңырақ күнінің шаттықты күйде өтуі заңдылық та секілді... Кешегі Кеңестен кезеңде де бар қазақты құшағына сыйдыра білген дала бүгін де берекенің бесігінде.
Салтанатты жағдайда өткен шараға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы қатысып, қоныс аударушыларға ақжарма тілегін білдірді.
Биыл Түркістан облысынан қоныс аударған - Тастамбековтер әулеті жаңа мекенге аз уақытта жерсініп үлгердік дейді.
Еңбекке құштар отбасы мамандығы бойынша тұрған жұмыстарынан бөлек, алдағы уақытта мал шаруашылығымен айналысуда ниет етуде. Ал, аудандық мансап орталығының директорының айтуынша, көші қон бағдарламасы арқылы Ұлытауға келушілер қатары жыл санап артып келеді.
«⠀ Кадрдан тыс: Ауданда тұрғын үйлер құрылысы да оң жолға қойылған. Игі бастамалар ауданға қарасты өзге де ауылдарда жалғасын таппақ!»
— Баянқұл Аманжолов, Ұлытау ауданының Мансап орталығының директоры
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


