ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ – ДӘРІГЕРЛЕР

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында Ұлытау ауданының орталығында - ақ халатты абзал жандарға арналған «Үздіктер шеруі» атты салтанатты шара өтті...
Күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, тынымсыз жұмысқа жегіліп, тығырықтан шығар жол іздеп, қауіпті дерттің емін табуға бар білім-білігін, күш жігерін салып жүрген дәрігерлер қауымын аудан әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы құттықтап, салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды...
Бұл күні бірқатар медицина қызметкеріне Ұлытау ауданының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді. Сондай-ақ, «Үздік дәрігер»; «Үздік мейірбике»; «Үздік физиотерапия мейірбикесі»; «Үздік учаскелік мейірбике» сынды 8 аталым бойынша сала озаттарына қаржылай сыйақылар берілді.
Салтанатты шара – жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


