ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

Ұлытау ауданы жамағаты арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.
Дәстүрге айналған доп додасына биыл Ұлытау, Шеңбер, Егінді, Байқоңыр, Қаракеңгір, Амангелді ауылдары мен Қарсақпай және Жезді кенттерінен келген 11 команда қатысты.
Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов қатысушыларға сәттілік тіледі...
Жалпы Ұлытау ауданында футбол ойыны кейінгі жылдары кеңінен қанат жайып келеді. Аудан орталығында ғана емес, шалдай елді мекендерде де шағын футбол алаңдары салынып, аталған спорт түрімен шұғылданушылар саны артқан. Бұл жолғы турнир де тартысқа толы болды.
Турнир қортындысында бірінші орынды Ұлытау ауылының «Сақ» командасы жеңіп алды. Жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтармен қатар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Сондай-ақ, алаңда шеберлігімен ерекшеленген ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» сынды арнайы аталымдардың иегері атанды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


