Жаңалықтар

СӨЗІМ – ЖЫР, ЛЕБІЗІМ – КҮЙ, ЕРКЕ ЕДІМ!

СӨЗІМ – ЖЫР, ЛЕБІЗІМ – КҮЙ, ЕРКЕ ЕДІМ!

«Сөзім - жыр, лебізім - күй, ерке едім!» Аталған тақырыпта Сәтбав қаласында - дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған аймақтық жыр мүшайрасы өтті...

Аймақтық мүшайра - 20 мен 37 жас аралығындағы жас ақындар арасында өтті. Сәтбаев қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығы жоспары негізінде қолға алынған жыр додасына 20 ға жуық ақын өлең жолдаған...

Мүшайра шарты бойынша қатысушылар 3 өлеңмен бақ сынады. Атап айтар болсақ: Қасым ақынға арнау, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған туынды және еркін тақырыпта бір өлең... Қазылар алқасының шешімімен 5 ақын арнайы жүлде иегері атанды. Ал, мүшайраның бас жүлдесін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жанат Әбдіғожин жеңіп алды...

Шайырлар өз туындылары арқылы Қасым поэзиясының өршіл рухын жаңғыртып, Ел Егемендігінің еңселі белесін жалынды жырға қосты. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйақылар табысталды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты