Ұлытау ауданы

«ТАУ ҰЛЫ»

«ТАУ ҰЛЫ»

Ұлытау ауданында Ұлы Отан соғысының батыры әрі қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Баубек Бұлқышевтің 110 жылдығына арналған «Тау ұлы» атты дөңгелек үстел өтті.

Алыдмен жиналған көпшілік ауданның орталық кітапханасы мен №3 Амангелді орта мектебінің дайындаған көрмесін тамашалады. Онда майдангердің соғыс жылдарындағы естеліктері мен шығармалары қойылған.

Іс-шара дөңгелек үстелге ұласты. Қатысушылар Баубек Бұлқышевтың әдеби мұрасы мен ерлік жолына қатысты ой бөлісті. Ұлытау бауырында дүниеге келген ол 1932 жылы Қарсақбай зауытындағы фабрика-зауыт училищесіне түсіп, 1937 жылы Алматыдағы сауда-қаржы техникумында оқиды. Ал 1939 жылы «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер болады. 1940 жылы әскер қатарына шақырылады. Мәскеудегі саперлер дайындайтын училищеде оқиды. Соғыс басталғанда ол әрине, соғысқа аттанады. Баубек Бұлқышев әскери тілші болды. Ол очерктерінде қазақ жауынгерлерінің қайсарлығын баяндады. Осындай еңбектері жиынға арқау болды.

Жалпы дөңгелек үстел барысында ірі жазушының кісіге жасаған қамқорлығы туралы аз айтылған жоқ. Сондай-ақ оның әдебиеттегі сүбелі еңбектері де аталды.

Айта кету керек, Ұлытауда Баубек Бұлқышев атындағы тау марафонын өткізу жылда дәстүрге айналған. Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сакипов биыл Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың ескерткішінің жанын абаттандыралтынын жеткізді.Сондай-ақ бірқатар шаралар да жоспарланған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты