Ұлытау ауданы

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – Ұлытау ауданында жүйелі ұйымдастырып келеді. Өткен сенбіде аудан орталығында аталған акция шеңберінде 500 ден аса ағаш көшеті отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді...

«Таза Қазақстан» жобасы аясында аудан көлемінде «Жасыл болашақ – таза бұлақ» атты кең ауқымды іс-шара қолға алынды. Аталған акцияның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мен тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тал егу жұмыстарына «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері белсене қатысты. Табиғатты аялау мен қорғау мақсатында құрылған мекеме – егілген ағаштарды күтіп баптау жұмыстарын да назарда ұстамақ.

Игі бастамаға аудан әкімдігінен бастап, барлық мемлекеттік мекеме ұжымдары, білім беру ұйымдары және белсенді тұрғындар атсалысты. Мұндай экологиялық шаралар ауданға қарасты шалғай ауылдарда да ұйымдастырылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты