Ұлытау ауданы

ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІГІ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІГІ

Қазан айында – өңірдегі өрт қауіпті кезеңі аяқталады. Аталған ретте, Ұлытау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі – ала жаздай өрт оқиғасының алдын алу мен оны болдырмау мақсатында еселі еңбек етті...

Ұлытау ауданының аумағында биыл 27 дала өрті тіркеліп, 1300 гектарға жуық жер отқа оранған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, төтеншеліктердің шұғыл қимылымен тілсіз жау бірден ауыздықталып отырған. Десек те, қауіп сейілмеді дейді сала мамандары. Сондықтан, аудан тұрғындарын сақтық шараларына мұқият болуға шақырады. Оның үстіне, алда жылыту маусымы кезеңі басталады...

Айта кетейік, кейінгі жылдары аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің автопаркі 90 пайызға жаңартылған. 8 тонналық өрт сөндіру техникасы мен жол талғамайтын көліктер сатып алынып, нәтижесінде жеке құрамның жұмыс сапасы артқан.

Мұқағали Сейтқазы, Медетхан Кенжалиев, «ҰЛЫТАУ» телеарнасы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты