Жаңалықтар

ҰЛЫТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

ҰЛЫТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

Ұлытаулық жас спортшылар халықаралық жарыста топ жарды. Өзбекстан астанасы Ташкентте киокушинкай каратэден өткен кезекті дүбірлі додада облыс құрамасы алты жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жезқазған теміржол вокзалында ата-аналары мен сопрт жанашырлары мен жанкүйерлері, сондай-ақ, біздің түсірілім тобы күтіп алды.

7-8 қараша күндері Ташкент қаласында «World Kyokushin Festival Championship» халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеге 17 мемлекеттен 800-ге жуық спортшы қатысып, бозкілемдегі мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасы сапында Ұлытау облысынан 10 жас спортшы өнер көрсетті. Нәтижесінде олардың алтауы жүлдегер атанды. Мұхиден Ақберген мен Сүйіндік Жасмин бірінші орынды иеленсе, Шайман Жанайым мен Сламхан Аймира күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, Сергеева Адина мен Садуахас Санат жарыстың қола жүлдегері атанды.

«Жарыс өте оңай болған жоқ, өте қиын болды. Қарсыластарым өте мықты болды. Мен жарыста өзімнің мықта деңгейімді көрсеттім. Маған сенім білдірген ата-анама, бапкерлеріме өте мың алғыс»

— Жасмин Сүйіндік, халықаралық турнирдің жеңімпазы

«12-13 категориясында, - 40 салмақ дәрежесінде 2-ші жүлделі орын алдым. Асхат Нургалиевич бапкеріме мың алғыс айтамын»

— Аймира Сламхан, халықаралық турнир жүлдегері

Жүлдегерлерді қарсы алуға жиналған ата-аналар жаттықтырушылық құрамға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Балалардың жетістігіне қосқан еңбегі үшін алғыстарын білдірді..

«Біз жарты жылдай дайындалдық, 6 айдай. Бұл балалар кішкентай балалар арасындағы құрамасы бар. Сол жақта дайындалады. Соның арқасында орын алды. Және де осы жарысқа жіберген ата-аналарға рақмет»

— Асхат Балтабаев, жаттықтырушы

«Бүгін сол балаларымызды қуанышты хабарменен қарсы алғалы тұрмыз. Балаларымыз алдағы уақытта да осындай талай жеңістерді бағындыра берсін. Сіздерге жұғысты болсын. Жеңісті күндеріміз көп болсын»

— Салтанат Жақсыбекова, ата-ана

Жас спортшылардың бұл жетістігі - жүйелі дайындық пен табанды еңбектің нәтижесі. Халықаралық додада ел намысын қорғаған Ұлытау облысының өрендері алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты