«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: АДАЛДЫҚ, ҚАУІПСІЗДІК, БОЛАШАҚ»

«Заң мен тәртіп: Адалдық. Қауіпсіздік. Болашақ.» Аталған тақырыпта Ұлытау ауданының орталығында ауқымды форум өтті.
«Заң мен Тәртіп!» Президент ұсынған осынау құнды қағидат – бүгінгі қоғамда кеңінен үстемдік құруда. Бұл, әрине, ең алдымен азаматтардың қауіпсіз ортада өмір сүруінің алғышарты. Форум жұмысына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы қатысып, сәттілік тіледі...
Іс шарада «Заң мен тәртіп» аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды. Бүгінде аудан орталығы мен оған қарасты селолық округтерде түгелдей құқықтық кабинеттер ашылған. Ал, қоғамдық қауіпсіздік – қоғамдық көмекшілердің де жіті бақылауында. Айта кетейік, аталған форум - Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру және Ұлытау облысы ПД мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаменттінің бірлесе қолға алуымен ұйымдастырылды.
«(«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберіндегі шара – тікелей азаматтық қоғам өкілдеріне арналуда. Форумдағы аудан тұрғындары мен жастардың белсенділігі жоғары. Себебі, мұнда әр азаматтың жеке дерегі мен күнделікті тұрмыс дағдысындағы қауіпсіздік талаптары толықтай түсіндірілуде. Мұндай форумдар – өңірге қарасты қала-аудандарда жиірек ұйымдастырылса деймін!)»
— Дәулет Сейтпеков, «Ұлытау жастары» ҚБ төрағасы
Форумға жиналғандарға – қылмыстарды ашу бағытындағы ерекше көрсетілімдер ұсынылды. Қауіпсіздік талаптарына байланысты сұрақ-жауаптар да болды.
Форумда белсенділік танытқандарға Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. «Заң мен тәртіпті» ту еткен тағылымды шаралар әрі қарай да жалғаса бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


