ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

«Заң мен тәртіп!» Аталған қағидат аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы мен құқық қорғау органдарының бірлесе ұйымдастыруымен кезекті жиын өтті...
Ұлытау облысында жалпы қылмыс түрлері 3,3 пайызға төмендеген. Бұл - «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберіндегі ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс шаралардың жемісі дейді сала мамандары.
Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі: интернет-алаяқтық. Бұл мақсатта да бірқатар жобалар қолға алынған. Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс шараларына – «Аманат» партиясы мен ерікті жастар тобы да белсенділік танытуда. Жиын ұйымдастырушылары – қоғамдық тәртіпті сақтау – тұтас қоғамға жүктелген міндет дейді.
Бүгінде облыс орталығы мен өңірге қарасты қала аудандарда құқықбұзушылықты жедел анықтау мен оның жолын кесу мақсатында Жасанды интеллектіге негізделген бейнекамералар орнаталуда. Айта кетейік, аймақта «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі орындау мақсатында биылғы жылға арнайы жоспар жасалған.
Мұқағали Сейтқазы, Алихан Мұхтар, «ҰЛЫТАУ»»
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


