ЖАҢА ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Президент Жолдауы - ел дамуының алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды құжат. Осыған орай «ҚазТрансОйл» компаниясында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Кездесуге «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері, жастар ұйымының жетекшілері қатысты. Жиын барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту мәселелері сөз болды. Аталған салалар бойынша Жолдауда жүктелген міндеттер кеңінен тарқатылды.
Жалпы тұрғындар сол бағыттағы, көлік логистика саласындағы біздің Ұлытау облысына қатысты тұстары бойынша қойылып жатқан сауалдарына жауап бердік. Бұл жердегі медициналық және балалардың білімі бойынша ақпараттардың барлығын облысымыздағы осы алдағы кезеңде жүзеге асырылатын нақты жобалар бойынша өз тарапымыздан ақпараттарды түсіндірдік.
Бұдан бөлек, өңірде әлеуметтік нысандар санын арттыруға бағытталған жобалар жоспарланған. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен жасалған келісім аясында Жезқазғанда балаларға арналған инклюзивті оңалту орталығы мен заманауи спорт кешені салынбақ. Бұдан бөлек, «Қазақмыс» корпорациясы 2027 жылдың алғашқы жартыжылдығында 800 орындық Конгресс-орталық, теннис орталығы мен жаңа стадион құрылысын бастауды көздеп отыр. Жиын барысында «ҚазТрансОйл» қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауаптарын да ала алды. Айта кетейік, мұндай кездесулердің басты мақсаты - Мемлекет басшысының тапсырмаларын халыққа кеңінен түсіндіріп, олардың жүзеге асырылу маңызын жеткізу. Ал Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалуы елдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


