Жаңалықтар

ЖАС БОКСШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

ЖАС БОКСШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Бокстан Қазақстан чемпионатында Ұлытау облысының жас спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Ел біріншілігінде өңір намысын қорғаған боксшыларды жанкүйерлермен бірге біздің түсірілім тобы да күтіп алды.

Ақтау қаласында 8-13-ші қараша күндері 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің әр түкпірінен 235 былғары қолғап шебері қатысты. Республикалық турнирді Ұлытау облысының жас боксшылары үлкен жетістікпен қорытындылады.

Облыс құрамасының сапында үздік нәтиже көрсеткендердің бірі – Сұлтан Бейбарыс. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Дінмұхаммед Мұқанбетанапия, Осман Жәнібек және Әділет Мұқанбетқали өз салмақтарында қола медальға қол жеткізген.

Жас боксшылардың жеңісті жолы - жүйелі дайындық пен жаттықтырушылардың табанды еңбегінің жемісі. Енді олар ұлттық құрама сапында – ел намысын қорғайтын болады...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты