Ұлытау ауданы

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ   ІСКЕ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары оқу орнын - GPA көрсеткіші бойынша жоғары нәтижемен тәмәмдаған түлектер ешқандай конкурссыз жергілікті әкімдіктерге жетекші маман лауазымына тағайындала алады.

Нұржан Мейрам – Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің түлегі! Оқу орнын үздік аяқтаған, ол, дипломы қолына тисімен, туған жерге туын тігуде. Нәтижесінде: Ұлытау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне конкурссыз бас маман қызметіне тағайындалды.

Жас облыста – кадр жетіспеушілігі маңызды мәселелердің бірі. Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы - қатарымызды білікті жастармен толықтыру шарасы жүйелі жолға қойылған дейді және жас мамандарды ауылды жерлерде қызмет етуге шақырады.

Жас болса да, жауапты салаға жұмысқа орналасқан Нұржан –. «Жас келсе – іске» қағидатын берік ұстанған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты