Жаңалықтар

ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ

ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ

Облыс орталығында «STEM. AI. Innovation» атты жас педагогтердің жиыны өтті. Білім беру жүйесін дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және кәсіби біліктілікті арттыруды көздеген шараға 200 ге жуық мұғалім қатысты.

Іс-шараны Ұлытау облысының білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталық Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды филиалымен бірлесіп ұйымдастырды. Басты мақсат – жас педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасап, шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануды кеңінен насихаттау.

Аталған іс-шарада білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдер талқыланды. Қатысушы ұстаздар цифрлық технологияларды сабақ барысында тиімді қолдану, оқушылардың сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында тәжірибе алмасты.

Бағдарлама аясында әдістемелік орталық мамандары мен мектеп ұстаздары авторлық жобаларын ұсынып, оқытудың тиімді тәсілдерін көрсетті. Қорытынды кезеңде рейтинг бойынша жоғары ұпай жинаған бес команда марапатталды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты