«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ

Ұлытау ауданында «Жасыл Ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды.
«Жасыл ел» еңбек жасағының биылғы құрамында - Ұлытау ауданының орталығы мен Жезді, Қарсақбай кенттерінен 120 жас бар. Олар жазғы демалыста – елді-мекендердегі тазалық жұмыстарына үлес қоспақ. Аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов еңбекқор жастарға сәттілік тілеп, «Жасыл елдің» бірқатар сарбазына Алғыс хаттарын табыстады.
Еңбек жасағының ашылу рәсімі әрі қарай қатысушылардың жеке дамуы мен көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және командалық жұмысты нығайтуға бағытталған тренингпен жалғасын тапты. Ұйымдастырушылар мен жалынды жастар – «Жасыс ел» жобасының маңыздылығына айрықша тоқталды.
Айта кетейік, «Жасыл Ел» бағдарламасы елімізде 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Жасыл ел» сарбаздарды Таза Қазақстан аясындағы іс шараларда да белсенділік танытпақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


