ЖЕЗДІДЕГІ ҚОНЫС ТОЙ

Ұлытау ауданы, Жезді кентінен жеткен жағымды жаңалық! Ұлыстың Ұлы күніне орай аталған кентте тұрғындарға жаңа үй берілді.
Елімізде кең көлемде атап өтіліп жатқан Наурызнама 10 күндігі шеңберінде Ұлытау ауданы Жезді кентінде 2 отбасы қоныс тойын тойлады. Осынау игі іс-шара Ораза айт мейрамымен тұспа-тұс келді.Жаңа тұрғын үй кілтін табыстауға арналған салтанатты жиынды Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сакипов құттықтау сөзбен ашты.
Баспаналы болған отбасыларға Жезді кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Рахымбеков ақ тілегін арнап, ауылдың іргесін кеңейтіп жатқан шаңырақтарға құтты қоныс тіледі.
Ауыл халқының ауылдық жерде тұрақтап қалуы үшін олардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетіп жүрген Мансап орталығының өкілдері де игі шараға қатысып алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жезділіктердің қуанышына жергілікті өнерпаздар ән-күйден шашу шашты. Кент әкімі жаңа баспананың жай-күйімен таныстырды. Баспаналы болған ұстаздың бірі Мейрамгүл Маратқызы өз қуанышымен бөлісті Атап айту керек, баспаналы болған отбасылар Жезді кентінің мектептерінде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар.
Жүніс Төрегельдин, Алихан Мұхтар «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


