Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢАРҒАН ЖОЛ

ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢАРҒАН ЖОЛ

Республикалық маңызы бар күре жолдың Ұлытау облысына тиесілі соңғы бөлігі жаңарды. Дәлірек айтсақ, «Жезқазған–Арқалық» бағытындағы автомобиль жолының 143-252 ші шақырым аралығында жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

Жезқазған қаласынан – Қостанай облысының шекарасына дейінгі көлік жолы 238 шақырымды құрайды. Көптің, көптен айтып жүрген ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысында 17 су өткізу құбыры орнатылып, Балға көпіріне қосымша жөндеу жүргізілген. Аталған жолды салтанатты ашу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов, «ҚазАвтожол» компаниясы басшылығы мен Ұлытау ауданының әкімі және жол бойындағы ауылдың тұрғындары қатысты.

Иә, жол азабын жүрген біледі. Кейінгі қырық жылда күрек тимеген күре жолдың жаңаруы - ондағы елді-мекен халқы үшін айрықша қуаныш болуда.

Айта кетейік, Жезқазған –Арқалық арасындағы жол қос облысты ғана емес, болашақта Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын маңызы зор логистикалық инфрақұрылымға айналмақ...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты