Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАҢА МЕШІТ

ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАҢА МЕШІТ

Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылған кезекті маңызды әлеуметтік жоба! Бұл жолы – Жезқазғанда сыйымдылығы 3мың адамға арналған Ұлытау облысының Орталық мешіті бой көтерді...

Бүгін - Жезқазған жұртшылығы үшін айрықша күн! Себебі, дәл осы күні Ұлытау облысының жаңа Орталық мешіті ел игілігіне пайдалануға берілді…

Мешіт іргетасы өткен жылдың шілде айында қаланған. Мешіттің салтанатты ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы және өңір ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Баршаңызды Ұлытау облыстық мешіттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Расында бүгін Ұлытау өңірінің рухани өмірінде айрықша тарихи күн болып отыр. Қазақтың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені, ұлт тарихының алтын бесігі атанған Ұлытау төрінде жаңа мешіттің бой көтеруі – халқымыздың имандылыққа, ізгілікке және рухани құндылықтарға деген құрметінің жарқын көрінісі деп айрықша атап өтер едім. Тағы да осы «Қазақмыс корпорациясына», олардың барлық қызметкерлеріне, басшыларына тағы да алғыс айтамын.

Баршаңызды Жезқазған қаласының Орталық мешітінің салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін баршамыз үшін ерекше және қуанышты күн. Біз халқымыздың ғасырлар бойы ардақтап келе жатқан имандылық дәстүрінің, ізгілік пен адагершілік құндылықтарының жаңа ордасының есігін ашып жатырмыз. Жаңа ашылып жатқан мешіт құтты болсын. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын.

Біз үшін Жезқазған қаласының тұрғындары, Ұлытау облысының тұрғындарының әл-ауқаты, көңіл-күйі өте маңызды. Болашағы бұл өңірдің ашық, жарқын. Еліміз тыныш болсын, бастарымыз аман болсын. Осы ғимараттың ашылуымен барлығыңызды құттықтаймын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасының шешімімен мешітке «Ұлытау облысының орталық мешіті» атауы берілді. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3 мың 800 шаршы метрге жуық. Жоба бойынша мешіт аумағындағы 4 мың 855 шаршы метр жерді көгалдандыру көзделген. Ғимаратта негізгі құлшылық залынан бөлек, әйелдерге арналған жеке орын және рухани ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті бөлмелер де қарастырылған. Бүгін мұнда алғашқы жұма намазы да оқылды.

Құрметті, Жезқазғандықтар, қала тұрғындары! Сіздерді мынау Ұлытау облысы болғалы ашылып жатқан үлкен облыстық жаңа мешіттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде тыныштық болсын. Бейбітшілік болсын. Халқымыз аман болсын.

.Орталық мешіттің құрылысы – «Қазақмыс» корпорациясының өңір тұрғындарының игілігіне бағытталған әлеуметтік жоба. Компания Ұлытау облысының әкімдігімен жасалған ынтымақтастық меморандум аясында бұдан бөлек те бірқатар инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысып келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты