Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ

ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы – маңызы зор марафон! Жезқазғандық жастар арасында кітап оқуға арналған байқау бастауын алды...

Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығы қолға алған кітап оқу марафонына 14 пен 35 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады. Байқау шартында қатысушылар: классикалық туындылар қатарындағы: Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», Дулат Исабековтың «Қарғын», Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» және жаңа заман әдебиетінен жерлес жазушы Арман Әлменбеттің «Тергеуші» романын оқып, аталған төрт шығармадан өз таңдауларымен бір кітаптың мазмұны мен одан алған әсерін бөлісу мақсатында креативті бейнеролик түсіреді. Жүлде қоры қомақты...

Марафон мерзімі 2 қарашадан - 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Үміткерлер жұмысын тәуелсіз сарапшылар таразылап, жоба қорытындысын жариялайды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты