ЖОЛЫ ЖАҢАРҒАН АУЫЛ

Ауылға апаратын жол жаңғыртылды! Биыл - Ұлытау ауданына қарасты Сарысу селолық округі бағытындағы 21 шақырымдық көлік жолының құрылысы толықтай аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді...
Сарысу өзенін жағалай қоныстанған Сарысу ауылы - Ұлытау ауданындағы іргелі елді-мекендердің бірі. 100 ден аса түтіні, 1000 ға жуық тұрғыны бар ауылдағы ең өзекті мәселенің бірі: жолдың жәйі еді... Көптің, көптен айтып жүрген шаруасы биыл оң шешімін тапты. Ал, ауылдың әкімі - бүгінде ауылішілік көше жолдарын асфальттау жұмыстары да атқарылуда дейді.
Жаңарған жол ауыл тұрғындарының қаламен қатынасын жеңілдетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін аудан және облыс орталықтарына жеткізуге қолайлы жағдайды қалыптастырған...
Шалғай ауылдағы ілкімді шаралар – аудандық және облыстық бюджет есебінен қолға алынған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


