Жаңалықтар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Жылыту маусымында өрт шығу мен газдан улану қаупі күшейеді. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Жезқазғанда «Өртсіз және оқиғасыз жылыту маусымы» профилактикалық акциясы ұйымдастырылды. Басты мақсат - тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттырып, жылыту кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу.

Акцияға «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының Жезқазған газ шаруашылығының өкілдері, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, полиция, еріктілер мен тұрғын үй инспекциясының мамандары қатысты. Олар газ желісіне қосылған жеке тұрғын үйлерді аралап, үй иелеріне жылыту маусымында сақтық шараларын басты назарға алу керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар тұрғындарға желдеткіш арналары мен түтін мұржаларының бітелмеуін, олардың қалыпты жұмыс істеуін қадағалау қажеттігі айтылды. Өйткені мұндай талаптардың сақталмауы адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

«3941 2ші звуктан: Ең біріншіден ешқандай приборды қозғамай 104 телефон шалуы керек. Бізде қазір аварийный бригада қызметі 24/7 жұмыс жасайды.Газдың иісі шыққан жағдайда. Және де тұтынушының мердігерлік компаниялармен техникалық шарттары міндетті түрде болу керек заңға сәйкес»

— Бақтыбек Айнағұлов, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жезқазған газ шаруашылығының директоры

Акция аясында тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, тұрғын үйлерге иіссіз газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды. Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өміріне төнетін қатердің алдын алып, жылыту маусымын еш оқиғасыз өткізуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты