Жаңалықтар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Өңірде жылу беру маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Аталған бағытта Облыс орталығында - Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз жылу маусымы» акциясы өтті. Оған Жезқазған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары, газ шаруашылығы мен тұрғын үй инспекциясының өкілдері және ерікті жастар қатысты.

Рейдтік іс шараның негізгі мақсаты - тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын тереңірек түсіндіріп, жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде сақтық шараларын ескерту. Акция аясында мамандар жекеменшік тұрғынүйлерді аралап, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға улы газды анықтайтын арнайы құрылғылар орнатты.

«Осы орайды пайдалана отырып, құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары. Аталған жылыту маусымы кезеңінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз. Өрттің бірден бір себебі ол- жылыту қазандықтарын пайдалану, электр сымдарын қауіпсіз пайдалану болып табылады. Сондықтан осы аталған мәселелерді қауіпсіз пайдалануға шақырамыз»

— Дидар Құйқабаев, Жезқазған қалалық ТЖБ бастығы

Арнайы датчик аппараттары ауадағы иіс газының мөлшері қауіпті деңгейге жеткенде дыбыстық дабылды қосады. Айта кетейік, жыл басынан бері акция аясында 19 үйге улы газды анықтайтын датчик орнатылған. Бұдан бөлек, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

Мамандар жылыту маусымында пештер мен мұржалардың техникалық жағдайына ерекше көңіл бөліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ газ жабдықтарын өз бетінше жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге болмайтынын қатаң ескертеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты