Жаңалықтар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі – басты назарда! Қаражал қаласында жылыту маусымында төтенше жағдайдың алдын алу мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды...

Бұл - Қаражалда өткізіліп тұрған алғашқы алдын алу шарасы емес. Қаражал қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің қолға алуымен жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң бақылауға алу мақсатындағы кезекті рейдке - Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті жастар қатысты.

Профилактикалық жұмыс барысында орнатылған улы газды анықтайтын арнайы датчиктердің төтенше жағдайдың алдын алуда көмегі көп дейді сала мамандары мен қала тұрғындары.

Мұндай профилактикалық шаралар жылыту маусымында өрт оқиғалары мен улы газдан улану қаупін азайтуға бағытталған. Төтеншеліктер ескертеді, ескертуді ескеру – сіз бен біздің жеке жауапкершілігімізге байланысты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты