Алаяқтардың арбауына түсіп қалу оңай. Бірі банк менеджерімін деп хабарласса, екінішісі ғаламторға жалған жарнама беріп алдайды.Тағы бірі энидеск секілді қосымша орнатуды сұрайды. Бар керегі жеке мәліметтеріңізбен ұялы телефонға келетін код. Кейін шоттағы ақшаны аударып алады немесе банктен онлайн несие рәсімдейді.
Алмаз ЖАҚАЕВ Қаражал қаласы полиция бөлімінің бастығы
Сонымен қатар 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша көп кездесетін алаяқтық түрлері ол алаяқтар өздерін банк қызметкерлері деп таныстырады. Сондай-ақ энидеск,хотдеск мобильдің қосымшалары арқылы жәбірленушілердің ұялы телефондарына кіріп,олардың ақшаларын басқа есепшоттарына аудару фактиілері жиі кездеседі. Екіншісі алаяқтар, өздерін банктің қауіпсіздік қызметкерлері ретінде хабарласып, жәбірленушілерді депозит және әр-түрлі банктік ақшаларын басқа есепшоттарға аудару фактілері жиі кездеседі.
Қылмыстарды алдын алу бойынша Қаражал қаласында жергілікті билік пен полиция бөлімі бірқатар шараларды қолға алған. Халықпен кездесіп түсіндіру жұмыстары мен жедел іздестіру профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.
Алмаз ЖАҚАЕВ Қаражал қаласы полиция бөлімінің бастығы
Әр учаскелік полиция қызметкерлері өздерінің аумақтары бойынша тұрғылықты мекен-жайларымен халықты аралау арқылы оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Барлоық халыққа жеткізіліп, әрдайым осы профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Ғаламтордағы алдаудың барлық тәсілін тізіп шығу мүмкін емес. Егер алаяқтардың қақпанына түссеңіз бірден полицияға жүгініп, болған жағдайды нақты баяндап беріңіз. Дегенмен, олардың бар екенін естен шығармай, сақтанып жүруге кеңес береміз.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Октябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |