NЕ КЕРЕК?» ӘЛЕУМЕТТІК ВЕБ-СЕРИАЛЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Ulytautv 19-май, 09:47 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ
Сериалда қазіргі қоғамның өзекті тақырыптары – құмар ойынға тәуелділік, нашақорлық, ата-ананың жауапкершілігі мен жас ұрпақ тәрбиесі көркем түрде көрініс табады. Жобаға кәсіби актерлермен қатар, Серке Қожамқұлов атындағы театр әртістері де қатысқан. Жобаның режиссері – Шапағат Орынбаев.
Шапағат ОРЫНБАЕВ "Ернар медиа" студиясының жетекшісі
Фильмдегі бас кейіпкерлердің бірі – Лаура рөлін сомдаған шымкенттік әртіс Әсел Ильяс. Оның айтуынша, сериал жастарға өмірлік маңызы бар дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Әсел ИЛЬЯС әртіс
Веб-сериал он бөлімнен тұрады. Премьера барысында алғашқы үш серия көрерменге ұсынылды. Түсірілім жұмыстары Сәтбаев қаласында жүргізіліп, жоба үш айда толық аяқталған. Жақын арада сериал YouTube платформасында және «Ұлытау» телеарнасы эфирінен көрсетіледі деп жоспарланып отыр.Көрермен жобаның тәрбиелік маңызын жоғары бағалады.
Айымжан ӘБДІРАЗАҚОВА Сәтбаев қаласының тұрғыны
Гүлмира ЖАППАСОВА Ұлытау облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Айта кетейік, «Ернар Медиа» студиясы осыған дейін 39 қысқаметражды фильм түсірген. Жуырда тағы бес әлеуметтік бағыттағы фильм мен бір сериал жарыққа шықпақ.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ