365 КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ulytautv 09-июл, 15:08 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ
Жиынға республикалық, облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ашық әрі еркін форматта өткен кездесуде әкім ең алдымен тұрғындармен кері байланысты нығайту мақсатында жүргізілген жұмыстарды атап өтті. Әкімнің айтуынша, жыл ішінде 51 ресми, 250-ден аса бейресми кездесу ұйымдастырылған. Әр ай сайын “Ашық алаң” форматында халықпен тікелей байланыс орнатылып келеді. Қаланың экономикалық көрсеткіштері де артып келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 52,7 млрд теңгеге жетіп, 11 пайыздық өсім көрсеткен.
Мұрат БӨРІБАЕВ Сәтбаев қаласының әкімі
Инфрақұрылым бағытында да нақты жұмыстар қолға алынған. Биылдың өзінде 9,42 шақырым жол орташа жөндеуден өтуде. Қала көшелеріне 160 жарық шамы орнатылып, 30-дан астам балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Оқушылар аллеясы» мен орталық алаңдарды абаттандыру жобалары қолға алынған.Қала басшысы тұрғындарды алаңдатқан су, жылу, қоқыс шығару және «қара қар» мәселелерін де ашық көтерді. Әсіресе «Сәт-Тазалық» мекемесінің орнына жаңа серіктес тарту мәселесі – күн тәртібінде. Қала әкімдігі бұл бағытта жеке сектор мен инновациялық шешімдерді қарастырып жатыр.
Мұрат БӨРІБАЕВ Сәтбаев қаласының әкімі
Брифинг соңында БАҚ өкілдері өз сауалдарын қойып, жауап алды. Әкім тұрғындар ұсынысы әрқашан назарда екенін айтып, қала келбетін жақсарту – ортақ міндет екенін жеткізді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ