10 КҮНДІК ӘСКЕРИ ЖИЫН АЯҚТАЛДЫ
Ulytautv 19-июн, 14:50 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ
Әскери дайындық жұмыстары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нұсқауларына сәйкес, Ұлттық резервті даярлау бағдарламасы аясында өткізілді. Жиын барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, тәжірибелік машықтарын шыңдады. Олар тактикалық жаттығулардан өтіп, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дағдыларды меңгерді. Оқу-жаттығу барысын Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті полиция бөлімінің, қала және облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ күштік құрылым өкілдері бақылап отырды. Жиын соңында олардың жұмысына баға берілді.
Бауыржан ӘБЕНОВ 99/290 әскери бөлім командирі
Жиынға түрлі салада еңбек ететін ер-азаматтар қатысты. Олар үшін бұл тек әскери дайындық қана емес, бірлік пен ұйымшылдықты арттыратын маңызды тәжірибе болды.
Жанболат САТЫБАЛДЫ взвод командирі
Жиын соңында үздік нәтижемен көзге түскен қатысушыларға Ұлытау облысы әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, әскери оқу-жаттығудың келесі кезеңі қыркүйек айында Ұлытау ауданында өтеді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ