СОЛАҚАЙ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ
Ulytautv 02-июн, 09:51 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ
Шараға қала әкімі, қоғам өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен оқушылар қатысты. Қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арнайы гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Саяси қуғын-сүргін жылдары ел ішіндегі талай білімді, зиялы азаматтарға жала жабылған болатын. Сол зұлмат жылдары Сәкен Сейфуллинмен бірге атылған азаматтардың бірі – қаражалдық Сыздық Алиев. Оның ұлы Айташ Сыздықұлы тағылымды шараға қатысу үшін Қарағанды қаласынан арнайы келіпті.
Бұл іс-шара жазықсыз атылып, азап шеккен мыңдаған тағдырға тағзым ету, олардың ерлігін мәңгі есте сақтау жолындағы тағылымды шара болды. Сондықтан да бұл күннің мәні мен маңызы – ерекше. Мұндай шаралар жастарға өткеннен сабақ беріп, тәуелсіздіктің қадірін тереңірек ұғынуға жол ашпақ.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ