СӘТБАЕВТА ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ
Ulytautv 02-июн, 16:14 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ
Қаланың орталық бөлігі айтарлықтай өзгерді. Аумағы 0,5 гектарды құрайтын бұл алаңда балаларға арналған ойын кешендері, серуендеуге арналған жолдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарық шамдары орнатылған. Жаңа нысанның басты ерекшелігі – интерактивті құрғақ субұрқақ. Ол жаздың ыстық күндерінде тұрғындар көп жиналатын сүйікті орындардың біріне айналмақ. Жобаның негізгі мақсаты – жайлы қалалық ортаны қалыптастыру және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту.
Мұрат Бөрібаев, Сәтбаев қаласының әкімі
Медет Дүйсембаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тұрақты даму департаментінің директоры
Шара аясында «Таза қала – бақытты балалық шақ» атты экологиялық акциясы да ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалар арасында сурет салу және ән айту байқаулары өтті. Кішкентай қонақтар аниматорлармен бірге түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Экоакция шеңберінде балалар пластик қоқысты жинап, оны тәттіге айырбастады.
Жаңа нысан қала тұрғындары үшін демалыс орнына айналды. “Қазақмыс” корпорациясы әлеуметтік жауапкершілікті естен шығармайды. Компания өз жұмысын жүргізіп отырған өңірлердің орнықты дамуына қосып жатқан үлесін айқын көрсетеді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ