ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Ulytautv 29-май, 16:00 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Экскурсия барысында оқушылар төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын құтқару техникасы мен құралдарымен танысты. Балалар арнайы көліктердің қызметі мен мүмкіндіктері туралы біліп, құтқарушылардың киімін киіп көріп, газтұмылдырықты қалай дұрыс тағу керектігін үйренді. Бұл күні оларға арнайы техниканың кабинасына отырып, дабыл қосуға да рұқсат етілді.
Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облыстық ТЖД бастығы
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, адамның немқұрайлылығы неге әкелетінін көрсетті. Өрттің тұтануына себеп болған заттар көрнекілік ретінде қойылған.
Санжар ИСМАГУЛ №26 гимназия оқушысы
Бұл іс-шара балалардың қауіпсіздік туралы білімдерін арттырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуді мақсат етті. Экскурсия соңында балалар асфальтқа сурет салып жарысты..
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ