ҚАРАЖАЛДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Әкім аралаған алғашқы нысан - көпбейімді орталықтың құрылысы. Жобаға сәйкес, екі қабатты ғимараттың құрылысы жоспарланған. Онда 200 орындық конференц-зал, өнер мектебі (музыка, бейнелеу өнері, хореография студиясы), сондай-ақ балалар шығармашылығына арналған үйірмелер нақтырақ айтар болсақ, робототехника, модельдеу және басқа да бағыттар бойынша секциялар орналастырылады. Ал қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары толық аяқталып, іргетас құю жұмыстары жүргізіліп жатыр.


 

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі

 

Бұл жоба халықтың көптен көтеріп жүрген мәселесі. Себебі дейтін қаламызда арнайы жас балаларға өнер жағынан,  музыкалық аспаптарда ойнайтын арнайы орындар жоқ. Сондықтанда сол мәселені біз зерделеп, халықпен бірге, біздің қоғамдық кеңес мүшелері бар, депутаттарымыз бар ақылдаса отырып осындай зәулім ғимаратты қаламызда тұрғызу, бойкөтерсін деген ұсыныспен қолдау тапты.

 

Шоқан ҚОРДАБАЙ  «Астана Премиум Строй» ЖШС қызметкері

 

Қазіргі этапта жүріп жатқан жұмыстар: котлован жұмыстарынын шығып, просивка жасап, бетон жұмыстарын жасап жатырмыз. Биылдыққа план: фундамент бітіріп, сосын қаражатқа қарап, қабырғасын көтереміз деген ойдамыз. 

 

Қала әкімінің барған екінші нысаны – Қаражал қаласындағы жабық хоккей алаңының құрылысы болды. Жоба бойынша мұнда  бір қабатты ғимарат салу көзделген. Мұз айдыны, киім ауыстыру бөлмелері, әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Хоккей алаңының жабыны ретінде синтетикалық мұз қолданылады. Құрылыс мердігері – «Астана Премиум Строй» ЖШС.


 

Светлана МИЛИУС Қаражал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы

 

Қазіргі таңда біздің қалада жастар үшін қолжетімді бос уақытын тиімді өткізуге арналған нысандар әсіресе спортпен шұғылдануға арналған нысандар өте аз. Осы мәселені шешу мақсатында 2024 жылы Қаражал қаласында жабық хоккей алаңын салу жобасы әзіленген болатын.

 

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі

 

Жыл аяғында конкурс рәсімдерін бердік. Бұл жұмыстардың келісім шартқа келіп, міні осы сәуір айында жұмыстар басталды. Жобаның аяқталу мерзімі келесі жылдың басы.  Яғни біз бір жылға деп мерзім қойдық бұл жобаның іске асырылуы. Бұл жерде бастапқы кезінде нолін шығару бойынша 6 техника жұмыс істеген болатын. 20-ға жуық жұмыскерлер жалданып алынды. Мердігер күнделікті осы жерді қадағалауда .

 

Одан әрі қала басшысы Вокзал шағын ауданындағы  80 орындық екі қабатты мектеп ғимаратына бет бұрды. Тапсырыс беруші – Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Құрылыс жұмыстарын «CK NEW CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр.


 

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі

 

Бұл нысан кестеге сәйкес жыл аяғына дейін тапсырылуы керек. Тиісті қажетті материалдардың бәрі келіп жатыр. Ешқандай жұмыс барысына кедергі жоқ. Күнделікті өзіміздің де бақылауымызда. Бұдан бөлек облыстық салалық басқарма да тапсырыс беруші ретінде өздері қадағалап жүр.  Жалпы енді 80 орындық мектеп Алла қаласа жылдың аяғына дейін тапсырылғанын күтеміз.

 

Қазіргі таңда Қаражал қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған арнайы ғимараттар жоқ. Үйірмелер мен студиялар бейімделмеген нысандарда жұмыс істеуде. Бұл өз кезегінде тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр. Аталған жобаларды жүзеге асыру – өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге ықпал етпек.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу