ҚАРАЖАЛДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
Ulytautv 03-июн, 12:12 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ
Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың жетекші мамандары азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді. Заңнама нормаларын түсіндіріп, өзекті мәселелерді шешуге де қол ұшын созды. Сонымен қатар, еңбек, тұрғын үй, отбасылық және әкімшілік құқық салалары бойынша кәсіби заңгерлер мен құқықтанушылар да білікті кеңестерін ұсынды.
Досбол ҚҰЛЫМБЕТОВ Қаражал қаласы әкімінің орынбасары
Әрбір азамат мемлекет тарапынан қолдау бар екенін сезінуі және өз құқықтарын заң аясында қалай қорғау керектігін білуі маңызды, – дейді сала мамандары. Мұндай іс-шаралар құқықтық сананы нығайтуға, билік институттарына деген сенімді қалыптастыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ