ӨҢІРГЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ КЕЛДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Министр барған алғашқы нысан- Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Светлана Жақыпова мекеменің ішкі жағдайымен танысып, қызмет алушылармен тілдесті. Қазіргі таңда орталықта 200-ден астам адам қажетті көмек алып отыр.


 

Одан әрі министр Жезқазған қаласындағы «Мансап орталығына» барды.Ондағы жұмыспен қамту және кәсіби бағдар бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді.Ведомство енгізген цифрлық шешімдерді қолдану есебінен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен атаулылығын арттырудың маңызына тоқталды.Министрдің айтуынша, өткен жылдан бері Ұлытау облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азайып келеді.Қазіргі таңда министрлік мемлекеттік қолдауды көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуде. Пилоттық жоба болашақта еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Ұлытау облысына да таратылуы жоспарлануда.


 

Светлана ЖАҚЫПОВА ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Әлеуметтік саладағы барлық субъектілер үшін бірыңғай цифрлық платформаны құру көзделіп отыр. Оған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары кіреді. Мақсат – мемлекеттік органдардың барлық процестерін цифрландыру, осылайша азаматтарға қызметтерге қол жеткізуді жеңілдету. Адамдар көмек алу үшін ешқайда бармауы тиіс, өз қажеттіліктерін дәлелдеуге уақыт жұмсамауы керек. Барлық әлеуметтік қолдау шаралары азаматтарға бір ғана цифрлық платформа арқылы қолжетімді болуы керек.

 

Светлана ЖАҚЫПОВА сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы да баяндады.Аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.


 

Еңбек министрлі осы және өзге де цифрлық шешімдер азаматтардың еңбек құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерге тең қол жеткізуді, халыққа қолдау шараларын көрсету кезінде ашықтық пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.Сондай-ақ Ұлытау облысы әкімдігімен осы бастамаларды аймақта жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істейтінін атап өтті.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще