ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БАР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Шұғыла Еркінова – Жезқазған гуманитарлық колледжінің түлегі. Қазіргі таңда №1 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етуде. Колледжде оқып жүрген кезінде Мансап орталығы арқылы жұмысқа жолдама алып, алғашқы еңбек жолын осы мектепте бастады.


 

Шұғыла ЕРКІНОВА №1 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

 

Колледжді 4 жыл оқып аяқтадым және де сол 4 жыл оқып жүргенде бізге мансап орталығынан адамдар келді.Сол арқылы осы жұмысқа орналастым.Басында енді үйренісу қиын болды балалардың да.Бірақ уже бір-бірімізге жақсы үйренісіп,тез тіл табысып кеттік.Балалармен жұмыс істеу өте қызықты.

 

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту арқылы маман тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосып келеді. Бұл – жастүлектерүшінүлкенмүмкіндікәріқолдау.


 

ЖаухарТҰРСЫНОВАҰлытауоблыстық кәсіпкерлер палатасында адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы

 

Шұғыла секілді жас мамандардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы – ортақ еңбегіміздің нәтижесі. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қолдап, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

 

Бүгінде жас маман өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, кәсіби тұрғыда өсуге талпынуда. Оның алғашқы еңбек жолының сәтті басталуына – сапалы білім, дұрыс бағдар және көрсетілген нақты қолдау себеп болды.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще