Он күндік әскери жиынға 78 азамат қатысады
Ulytautv 09-июн, 13:07 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ
Әскерилерді жиынға жіберуге байланысты Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі алдында салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 9-18 маусым аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынының ашылу рәсіміне Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қатысып, азаматтарға сәттілік тіледі.
Мұрат БӨРІБАЕВ Сәтбаев қаласының әкімі
Әскери оқу-жаттығу Сәтбаев қаласында №27 мектепте өтеді. Онда қаладағы стратегиялық маңызды нысандарды күзету мен қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді іс-шаралар бойынша сабақтар жүргізіледі дейді Сәтбаев қаласы қорғаныс істер бөлімінің бастығы Талғат Амангелді.
Талғат АМАНГЕЛДІ Сәтбаев қаласы қорғаныс істер бөлімінің бастығы
Айта кетейік, әскери жиындағы он күнде жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс орны мен лауазымы және жалақысы сақталады.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ