ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, тақырыпқа қатысты баяндамалар тыңдалды. Алғашқы баяндама өңірдегі жастар саясаты саласындағы ахуал туралы болды. Статистикаға сүйенсек Ұлытау облысында 35 жасқа дейінгі жастар саны 60686 адамды құрайды. Оның ішінде 47844 жас қалалық жерлерде, ал 12842 ауылдық жерлерде тұрады. Ал, «Жасыл ел-2025» жастар еңбек жасақтарының қатарына Ұлытау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 700-дей жас қамтылған. 2025 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін қала, ауданның жергілікті бюджет есебінен 1млн теңге мен 3 млн теңге аралығында грант табыстау үшін 130млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ, негізгі ұсыныстар мен даму перспективалары да айтылды.


 

Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы

 

Жастар ресурстық орталықтары келесі өзекті бағыттар бойынша облыс жастарына тұрақты негізде кеңестер береді. Оның ішінде жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге, жастардың кәсіпкерлігіне жәрдемдесу және мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларға қатысу, кәсіптік  бағдар беру мәселелері бойынша көмек көрсету, психологиялық көмек көрсету және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Менің ойымша жұмыс істемейтін адамдар ол- еріншек адамдар. Жаңағы ата-анасының мойынында отырған. Сондықтан жаңағы жастарға сол ілгерілету жұмыстарын күшейту керек. Қазір жұмыс істемесе біраз уақыттан кейін өмірі қиын болады. Сондықтан сол үйлестіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Сонымен қатар, сол жастармен разиснение нужно по больше проводить.

 

Сонымен қатар, өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған жобалар туралы да баяндалды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,1%, ал жастар арасында 3,4% құраған. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері жұмыс іздеп жүрген азаматтардан 1651 өтініш қабылданған. Оның ішінде 1295 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, бүгінгі таңда 768 азамат жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда жұмыс берушілер тарапынан 702 бос лауазым ұсынылды.


 

Құрмет САТТЫБАЕВ Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 92 адам  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту негіздері бойынша оқудан өтті. Сондай-ақ, «Skills Enbek» онлайн-платформасы арқылы 168 адам кәсіби дағдыларды игеріп, түрлі бағыттарда білім алды. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын азаматтарға өтеусіз мемлекеттік гранттар беру бойынша өтінімдер қабылданып жатыр. Бұл мүмкіндікке жастар да қатыса алады. Аталған гранттар өз ісін бастағысы келетін немесе кәсібін дамытуға ниетті азаматтарға үлкен қолдау болмақ.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Қазіргі таңда көпшілік жастар «Қазақмыс» сияқты ірі өндіріс орындарында жұмыс істеуге ұмтылады, өйткені ондағы жалақы көлемі 500 мың теңгеден бастап жоғары болатыны белгілі. Алайда қызмет көрсету саласында да 400 мың теңгеден жоғары жалақы алуға мүмкіндік бар. Бұл салада еңбек жағдайлары да біршама қолайлы – жұмыс орындары таза, қауіпсіз, коммуникациялар жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Бүгінде елде туризм мен қызмет көрсету секторына біртіндеп бет бұру үрдісі байқалуда. Өйткені өнеркәсіп саласы үнемі дами береді деген кепілдік жоқ, ал табиғи ресурстардың да шектеулі екенін ескеруіміз керек. Сондықтан болашақта дәл осы бағытқа баса назар аударып, қызмет көрсету саласын дамытуға арналған саясатты күшейту қажет


Жезқазған қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөненіндегі кеңестің негізгі міндеттері мен атқарылған жұмыстары да баяндалды. Жастар кеңесінің екінші отырысында өңір жастарының мәселелері, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және кәсіби бағдарлау жұмыстары талқыланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы антипараквест-челленджі, «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті насихаттау тағы да басқа жұмыстары жүргізілген.  


 

Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі

 

Жезқазған қаласы әкімдігінің жанындағы «Жастар ісі» жөніндегі кеңес өз қызметін жүйелі түрде атқаруда, Кеңестің жұмысы жастардың бастамаларын қолдауға, олардың белсенділігін арттыруға және қоғам өміріне белсене атсалысуға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, жастарды қолдауға арналған ауқымды жобалар қолға алынатын болады.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Енді, Қайрат Абдуллаұлы жастар орталығы қазір сіздерге берілді ғой, қаланың балансында. Сол ресурстық орталықтың жаңағы ресурсын тиімді пайдалану керек. Максимально нужно за действовать ресурсы это молодежного центра.


 

Сонымен қатар, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев та өз кезегінде атқарылып жатқан іс-шараларымен бөлісті. Облыс басшысы жауаптыларға кеңес отырысында көтерілген барлық тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, мемлекеттік жастар саясатын жандандыруды тапсырды.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу