ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жиынға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов, әкім орынбасарлары және мәслихат депутаттары қатысты.Кездесуді аймақ басшысы ашып жүргізіп отырды.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Мемлекет басшысы Құрылтайда ел болашағы үшін айрықша маңызы бар салалар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктеген болатын. Атап айтқанда аймақтардағы экономикаға серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздіктерді жою,өңірлердің туристік әлеуетін арттыру, өңір экономикасывн дамыту. Мұның барлығы қуатты аймақтар, қуатты ел ұстаным аясында жүзеге асыруды тапсырды.

 

Одан әрі облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндама жасады. Ұлытау облысы бойынша жалпы өңірлік өнім өсімі - 7,7%-ды, жан басына шаққанда - 10,8 млн теңгені құрап отыр. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.


 

Жәнібек НӨПІРОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

 

2024 жылы облыс бойынша жалпы сомасы 34 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылса, биыл 138 млрд теңге сомасына 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

 

Алқалы жиында Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ұлылардың елі Ұлытаудан басталған ұлттық құрылтай- мелмекеттік маңызы бар үлкен басқасу болды. Құрылтайда Ел Президентінің бағдарламалық баяндамасы да мемлекеттік әрі идеологиялық маңызы бар құжат екенін айта келе, сөз жүзінде емес іс жүзінде көрініс табу керектігін жеткізді.


 

Мәлік ОТАРБАЕВ ҚР Президентінің кеңесшісі

 

Ұлытаудан өткен Ұлттық құрылтайда ең бірінші 41 мәселе көтеріліп, бастамалар тілге тиек болды.Түрксітанда 106 бастама көтерілді.Атырау қаласында өткен құрылтайда 149.Ал енді Бурабайда өткен құрылтайда 53 үлкен ірі мәселелер көтеріліп, бүгінде сол жүзеге асырылу бойынша 53 тармақтан тұратын Президент кәдімгі жоспарға,құжатқа қол қойды. Мұның барлығы ұлттық құрылтайдың сөз жүзінде емес,іс жүзінде екенін көрсетеді.

 

Бурабайда өткен құрылтайға біздің өңірдегі мүшесі,«Қазақстанның Құрметті металлургі», еңбек ардагері Төлеген Бүкіров арнайы барып қатысып келген еді. Жиында, Төлеген Бүкіров аймақтың болашғынан зор үміт күтетінін жеткізді. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты, Құрылтайда көтерілген мәселелердің өңірде жүзеге асу барысын баяндады. Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларға сәйкес жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.


 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


 

Одан әрі халық достығы мен мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының мамандары және өңірдің қоғам өкілдері қатысты. Жиында әлеуметтік саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Атап айтсақ, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, білім сапасын арттыру, мәдени бастамаларды қолдау және бұқаралық спортты дамыту. Салаға жауапты мекеме өкілдері Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.


 

Еркебұлан БЕЙСЕМБАЕВ Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

 

Ұлытау облысының халық саны 221 290 адамды құрайды, оның ішінде қала тұрғындары — 175 698 адам, ауыл тұрғындары — 45 592 адам. Жалпы облыс бойынша ана өлімі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. 2025 жылдың басынан бері ана өлімі тіркелмеген. Перинаталдық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында облыста 5 кабинеті ашылды. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Денсаулық сақтау мекемелеріне 2 млрд 223 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтар мен техника сатып алынған.

 

Алдымен Мәлік Отарбаев халыққа Ел Преиздентінің деген ыстық ықыласын жеткізді. Ұлттық құрылтай аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болды. Басқосуда елдік мүддені күшейтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау қажеттілігі айтылды.


 

Мәлік ОТАРБАЕВ ҚР Президентінің кеңесшісі

 

Бір жарым айдай уақыт болды, облыстарды аралап, біздер үшін маңызды идеологияға қажетті тұстарды талқылап жатырмыз. Қашан да идеология дейтін асыл мұра, біздер үшін аса маңызды.

 

Сондай-ақ білім саласындағы тәрбие, жұмысшы мамандықтарды даярлауға қатысты бірқатар мәселелер де айтылды. Халықтың талап тілегін тыңдап, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуге уәде берді.


 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Президент кеңесшісі сапар барысында Ұлытау облысы аумағында қызмет етіп тұрған мешіттердің бас имамдарымен де кездесті. «Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру"- деді Мемлекет басшысы. Көкшенің төрінде көтерілген бұл мәселе, кездесуге түрткі болды.


 

Бейбіт ЖАНСАРИН Ұлытау облысының бас имамы

 

Мемлекет басшысы айтқандай дәстүрлі ислам-ұлттың рузани тіргеі деп. Абай,Шәкәрім сияқты бабаларамыздың жолын насихаттап жеткізу ең бірінші имамдарымыздың міндеті. Жат ағымда жоқ емес бар,бірақ сол топтармен күрес жүріп жатыр.

 

Мәлік Отарбаев Елдегі оң бастамаларға тоқталып, соңғы жылдары дін өкілдері арасында болған түрлі жағдайларды талдап, өзіндік пайымын жеткізді. Ел қауіпсіздігі төңірегінде келелі ойлар ортаға салынды.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще