ӨҢІРЛІК ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Экономиканың негізі саналатын инвестиция тарту, жаңа кәсіпорындар ашу, тұрғындардың өмір сапасын арттыру – бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан басты мақсаттардың бірі. 2024 жылы облыста жалпы құны 34 миллиард теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.Сәтбаев қаласында өңірдің индустриялық әлеуетін арттыру үшін республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылуда.Жезқазғанда жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы, Жаңаарқада мал шаруашылығы кешені ашылып, жұмысын бастады. Алдағы жылдары іске қосылатын жобалардың ауқымы бұдан да кең.


 

Нұрлан АБДУКАЛИМОВ Ұлытау облысы экономика басқармасының басшысы

 

2024 жылы Жезқазғанда ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Металлургтер алаңы жаңартылып, көркейтілді. Енді алдағы уақытта Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жоспарда бар.Биыл сонымен қатар қалада 4 жаңа сквер пайда болады. Жалпы аумағы – 4,6 гектар.Ең ірі жобалардың бірі – Жезқазғанның Батыс ауданын салу. Бұл жерде 88 көпқабатты үй, 67 әлеуметтік нысан салынады. Сол жерге су, жылу, кәріз жүйелері тартылады. Жаңа ауданның жалпы аумағы – 44 гектар.

 

Өңірдің келешегін тек өнеркәсіппен емес, туризммен де байланыстыру көзделіп отыр. 2024 жылы 31 мыңнан астам турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласында қонақүйлер салынып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Тұрғын үй құрылысы, жол және сумен қамту инфрақұрылымдары да дамып келеді. Жезқазған қаласының батыс бөлігінде жаңа тұрғын үй кешені бой көтеріп, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарында су тазарту қондырғылары жаңғыртылуда.Цифрландыру саласында Ulytau Hub ашылып, жастардың IT-жобаларына жол ашылды. Қалалар мен елді мекендерде бейнебақылау жүйелері орнатылып, қауіпсіздік те күшейтілуде.


 

 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще