КЕҢГІР ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Кеңгір ауылында 600 ге жуық түтін бар. Бұрын көмір тасып, отын жарып әбігерге түсетін жұрт бейнеттен құтылатын күн келді деп қуануда. Сүйінші жаңалықты естіп тұрғындар, көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге кірісті.  «Halyk Газ Сервис» ЖШС-нің ұсынған қызметтің құны тиімді әрі сапасы жоғары дейді. Сондықтан халық осы компанияны таңдаған.


 

Қарлығаш САНСЫЗБАЕВА Кеңгір ауылының тұрғыны

 

Біздің Кеңгірге газ тарытылып жатыр. Енді жылуымыз да газбен болады. Бізге осы «Халық газ сервис» келіп осы құбырды кіргізіп беріп жатыр. Біз өте қуаныштымыз,бұрыннан от жағып едік.

 

Салтанат АБДАНБЕКОВА Кеңгір ауылының тұрғыны

 

Мына «Халық газ сервис» компаниясы 1 күнде келіп орныатып кетті газды. Жұмыстары ұнады. Жақсы.

 

«Halyk газ сервис» ЖШС өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда ауылдағы үйлердің 40 пайызына көгілдір отын тартылған. Компания межені 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, бұл компания қаладағы 91-орамдағы үйлерге де газ жүргізген. Айта кету керек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған.


 

Сұңғат СЕЙІТЖАН «Halyk Газ Сервис» ЖШС  бас маманы

 

Осы жылдың 15 сәуір айынан бастап Кеңгір ауылындағы үйлерге  газ орнату жұмыстарын бастадық. 40 пайыз үйге газ кіргіздік.Енді осы жылы газ қосылған кезде алғашқылардың бірі болып біз орнатқан үйлер қосылады. Қалған тұрғындарды газ тартуға шақырамыз.

 

 Үш мыңға жуық тұрғын биылғы қыста көгілдір отынның игілігін көретін болады.  Сондай-ақ үйлерге газ кіргізу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Halyk Газ Сервис» компаниясы әр кезеңді бақылауда ұстап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын жіті қадағалап отырады. Және де компания газ жүйесі орнатылған үйлерге кейін де тұрақты техникалық қызмет көрсетеді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще