ЖӘЙРЕМ КЕНТІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ
Ulytautv 13-май, 17:57 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жәйрем ауылына газ келетінін естіп, айрықша қуанған жанның бірі Түлкібай Дүйсенбин. Күнделікті пешке от жағып,күл шығару жұмыстарын өзі атқарады. Енді ауылға көгілдір отын берілсе, бұл бейнеттен де құтылатын күн алыс емес дейді ол.
Түлкібай ДҮЙСЕНБИН Жәйрем ауылының тұрғыны
Жалпы,Ұлытау облысын газдандыру 2021 жылы басталған. Талап ауылынан басталған жоба одан әрі аудандар мен қалаларда жалғасып, көпшілігі бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр.Ал, Қаражал мен Жәйремді газдандыруға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылған.
Қайрат ЖАНСАГИМОВ Жәйрем кентінің әкімі
Ескі Жәйрем ауылына газ желілерін мердігер «Әлия Сервис» ЖШС тартып жатыр. Ешқандай кедергі болмаса, жұмыстар биыл аяқталуы мүмкін.
Артур ЗАЙЫСХАНОВ учаске шебері
Ескі Жәйремдегі жұмыстар аяқталған соң, Ынтымақ ауылы мен Жәйрем кентінің өзінде газ тарту жұмыстары жалғасын табады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ