ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ 5 КЕСЕЛМЕН КҮРЕС
Ulytautv 18-апр, 14:30 0 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Бұл жиынға Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан бес кеселмен күрес тақырыбы өзек болды. Ол – ойынқұмарлық, синтетикалық есірткі, буллинг, вандализм мен тұрмыстық зорлық-зомбылық. Оқушылар осы бес түрлі кеселден сақтанудың тиімді жолдарын жоба етіп дайындап, бүгінгі форумға ала келген.
Нұрасыл ТҰРСЫНХАН №3 «Білім –инновация» лицейінің оқушысы
Нұркен МАМАНОВ №3 «Білім –инновация» лицейінің директоры
Бүгінде 5 кеселдің ешбірі балаларды айналып өтпейді.Форумға спикер болып шақырылған «Білім-инновация» халықаралық ҚҚ-ның вице-президенті Арафат НҰРЛАҚОВ бұл мәселелермен тиімді күресу үшін отбасы мен мектеп қауымдастығының бірлескен жұмысы қажет екенін атап өтті. Сонда ғана ұлттың сапалы болашағына жол ашылмақ.
Арафат НҰРЛАҚОВ «Білім-инновация» халықаралық ҚҚ вице-президенті
-
Жиында қоғам дертіне айналған лудомания, есірткі және буллингке жол бермеу шаралары талқыланды. Қоғамды жайлаған бұл дерттермен мемлекеттік деңгейде де күрес күшейген. Бірақ бұл іске ата-аналар араласпаса болмайды.
Мейрамкүл БЕРТАЕВА ата-ана
Спикерлер «заң мен тәртіп», «жастармен бір толқында», «жасөсіпірмді жаман әдеттен сақтау-ұстаз парызы», «бала мен ата-ана арасындағы көпір» тақырыптарын қозғап, ой бөлісті. Сондай-ақ білім ұйымдарында, жаман әдетке қарсы нақты жұмыстарды үйлестіру тетіктері де қаралды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ