ПАРТИЯ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА
Ulytautv 08-апр, 15:51 0 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ / ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров, «Аманат»партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты.Кеңес барысында «Жер аманаты» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Нұржан Қарақожаевтың айтуынша, 2024 жылы мемлекетке 170 мың гектар жерді қайтару көзделсе, бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 172 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен.Ал биылғы бірінші тоқсанда 96 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.
Сонымен қатар, жиында «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Қиянбековтің мәліметінше, биыл жоба аясында 2700 адам қаржылық сауаттылыққа оқытылады. Оның 1890-ы онлайн, 810-ы оффлайн форматта білім алады. Қазіргі таңда алғашқы 49 адам оқуын аяқтаған.
«Аманат»партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков жол картасы аясында жүзеге аспаған жобаларға да тоқталды. Өткен жылы жоспарланған 121 іс-шараның 94-і ғана орындалған. Қалған жобалар 2025 жылға ауыстырылып, партияның ерекше бақылауына алынған. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ