МЭМС ЖҮЙЕСІН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ
Ulytautv 08-апр, 15:41 0 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ / ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫБиыл қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге көрсетілетін медициналық көмек көлемі 41% пайызға артқаны мәлім болды. Соынмен қатар,қазіргі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы 33 медициналық ұйыммен келісім-шарт жасасқан.
Абылайхан РАХЫМОВ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының м.а.
-
Қор бүгінде көрсетілген медициналық қызметтерге мониторинг жүргізіп,тұрғындардың құқығы қорғаумен айналысады. Халық емханалардағы ұзын сонар кезек, бейінді мамандарға жолдама алу, КТ мен МРТ ұзақ күту, медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасы мен білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі секілді мәселелерге жиі шағымданады.
Абылайхан РАХЫМОВ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының м.а.
-
Өңірде сақтандырылмаған азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жұмыстары жалғасуда.Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 1 сәуірдегі деректеріне сәйкес облыста 25 125 адам сақтандырылмаған.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ